Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Құқық Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес



Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы

 

Жалағаш ауданы әкімдігі және тиісті құзырлы органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына сәйкес біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 19 рет семинарлар, 23 рет дөңгелек үстелдер, 6 рет кездесулер, 10 рет отырыстар барлығы 58 шара өткізілді.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және құқық бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

Жыл басынан бұқаралық ақпарат құралдарында яғни «Жалағаш жаршысы» газетіне 8 рет, аудан әкімдігінің Facebook парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында 21 рет атқарылып жатқан жұмыстар туралы жарияланды.

Сәуір айының 18-19 күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығына орай Жалағаш кентінің орталық алаңында «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді.

Марафонға мемлекеттік қызметшілер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты. Марафон аясында дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық шаралар, автошерулер және өзге де шаралар өткізілді. Сондай-ақ, кітапханаларда тақырыптық көрмелер, аудандық тарихи-өлкетану музейінде экспозициялар көрермен назарына ұсынылды.

Аудан елді мекендерінде 2018 жылдың 15 тамыз – 7 қыркүйек кезеңінде “Адал жол – Честный путь” атты марафон өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, елді мекендерде түрлі деңгейдегі шаралар өткізілді.

«Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында 1-дөңгелек үстел, 1-акция, 2-кездесу өткізілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық бюджеттен 531 мың теңгеге конкурс жарияланып, «Туған жерім тірегім» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Аталған қоғамдық бірлестікпен жасалған келісім-шарт негізінде 2018 жылдың қазан, қараша айларында кент, ауылдық округтерде дөңгелек үстелдер, акциялар, қоғамдық қабылдаулар мен байқаулар өткізілді.

Жалағаш кентіндегі көшелерде, кент ауылдық округінде және Халыққа қызмет көрсету орталығы Жалағаш бөлімінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орналастырылған. (кент ауылдық округтерде 12 билборд, 2 кернеу барлығы - 14)

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған. Сонымен қатар, аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясы осырысы тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 4 рет жоспарлы, 1 рет жоспардан тыс комиссия отырыстары өткізілді. Өткізілген комиссия отырыстарында барлық мекемелерге хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы аудан әкімі аппаратымен қатаң бақылауға алынған.

Комиссия отырыстарында әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Атап айтқанда:

1-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

2. Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы.

2-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстары туралы.

2. Жалағаш кенті әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы.

3-тоқсанда.

1. “Нұр отан” партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен  Жалағаш ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

2. Жалағаш ауданы бойынша білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

4-тоқсанда.

1. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акцмонерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінің Жалағаш аудандық бөлімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

2. Мәдениет ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

(2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы қоса жалғанды)

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 22 тамызында Сіздің төрағалығыңызбен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кезектен тыс кеңейтілген мәжіліс отырысы өткізілді. Мәжіліске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Жакудаев шақыртылып, хабарлама жасады және арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді.                                                                                  

Мәжіліс қорытындысымен Жалағаш ауданы аумағында орналасқан бюджеттің барлық түрінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларына, кент, ауылдық округі әкімдері мен барлық бөлім, мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бағытында нақты тапсырмалар берілді.

2018 жылдың маусым айында үкіметтік емес ұйым мүшелерінен құралған Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ, Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №200 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Жалағаш ауданының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жергілікті атқарушы органдарға орындау үшін жолданды.

Аудан әкімі аппаратымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ІШКІ ТАЛДАУ жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлер тарапынан әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, кадрларды іріктеу жұмысында, мемлекеттік қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларына кездейсоқ адамдардың қабылдануына жол берілмеу, ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға жол берілмеу жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен кент, ауылдық округі әкімдеріне қатаң түрде талап қойылып тапсырмалар берілді.

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасында аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылып жатқан шаралар бойынша үнемі ақпараттандырылып отырады.

 



Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы


 

Жалағаш ауданы әкімдігі және тиісті құзырлы органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына сәйкес біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда 2018 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 17 семинарлар, 15 дөңгелек үстелдер, 6 кездесулер, 10 отырыстар барлығы 48 шара өткізілді.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және құқық бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

Жыл басынан бұқаралық ақпарат құралдарында яғни «Жалағаш жаршысы» газетіне 5 рет мақалалар жарияланды. 

Ал, Жалағаш ауданы әкімдігінің Facebook парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында 19 рет атқарылып жатқан жұмыстар туралы жарияланды.

Сәуір айының 18-19 күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығына орай Жалағаш кентінің орталық алаңында «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді.

Марафонға мемлекеттік қызметшілер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты. Марафон аясында ауданымызда дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық шаралар, автошерулер және өзге де шаралар өткізілді. Сондай-ақ, кітапханаларда тақырыптық көрмелер, аудандық тарихи-өлкетану музейінде экспозициялар әзірленіп көрермен назарына ұсынылды. Түрлі форматта (кездесулер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер т.б.) іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аудан елді мекендерінде 2018 жылдың 15 тамыз – 7 қыркүйек кезеңінде “Адал жол – Честный путь” атты марафон өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, елді мекендерде түрлі деңгейдегі шаралар өткізілді.

Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында 1-дөңгелек үстел, 1-акция, 2-кездесу өткізілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық бюджеттен 531 мың теңгеге конкурс жарияланып, «Туған жерім тірегім» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Аталған қоғамдық бірлестікпен жасалған келісім-шарт негізінде аудан көлемінде дөңгелек үстелдер, акциялар, қоғамдық қабылдаулар мен «Үздік аула», «Таза ауыл» байқауын 2018 жылдың 15 қазанына дейін өткізу жоспарлануда. 

Жалағаш кентіндегі көшелерде, кент ауылдық округінде және Халыққа қызмет көрсету орталығы Жалағаш бөлімінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орналастырылған. (кент ауылдық округтерде 12 билборд, 2 кернеу барлығы - 14)

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған. Орнатылған жәшіктерге мекемеде арыз-шағымдармен жұмыс жасайтын жауапты қызметкерлер бекітіліп, күнделікті қадағаланып отырады. Сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Азаматтардың өтініштері бойынша жолданатын жауап хаттардың, анықтамалардың және өзге де ақпаратты тарату материалдардың артқы беттеріне мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының талаптарының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефоны көрсетілген хабарламалар жазып жолданып отыр.

Аудан әкімі аппаратында бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде. Қабылдау кестесі қолжетімді жерге ілініп, бұқаралық ақпарат кұралдарында жарияланған. Қабылдау барысында азаматтарға толық ақпарат және заңға сәйкес түсініктеме беріледі.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясы осырысы тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 3 рет жоспарлы, 1 рет жоспардан тыс комиссия отырыстары өткізілді. Өткізілген комиссияның отырысында тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы аудан әкімі аппаратымен қатаң бақылауға алынған.

2018 жылдың маусым айында үкіметтік емес ұйым мүшелерінен құралған Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ, Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №200 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Жалағаш ауданының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жергілікті атқарушы органдарға орындау үшін жолданды.

Комиссия отырыстарында әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Атап айтқанда:

1-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

2. Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы.

2-тоқсанда.

1. Жалағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстары туралы.

2. Жалағаш кенті әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы.

3-тоқсанда.

1. “Нұр отан” партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен  Жалағаш ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

2. Жалағаш ауданы бойынша білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 22 тамызында Сіздің төрағалығыңызбен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген мәжіліс отырысы өткізілді. Мәжіліске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Жакудаев шақыртылып, хабарлама жасады және арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді.                                                                                  

Мәжіліс қорытындысымен Жалағаш ауданы аумағында орналасқан бюджеттің барлық түрінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларына, кент, ауылдық округі әкімдері мен барлық бөлім, мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бағытында нақты тапсырмалар берілді.

«Жалағаш ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ТАЛДАУ жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлер тарапынан әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, кадрларды іріктеу жұмысында, мемлекеттік қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларына кездейсоқ адамдардың қабылдануына жол берілмеу, ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға жол берілмеу жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен кент, ауылдық округі әкімдеріне қатаң түрде талап қойылып тапсырмалар берілді.

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасында аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылып жатқан шаралар бойынша үнемі ақпараттандырылып отырады.

 




 Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.


         Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене кұресіп, түп – тамырымен жою қажет.Бұл  індет - адамзат баласына жат қасиет.

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Республикамыздыңұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады.

Жемқорлыққа қарсы күрес - бұл қоғамның бір тұтас жұмысы. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмауға бүкіл қоғам атсалысу керек.

Қорыта айтқанда, әрбір мемлекеттік қызметшінің өзіне бекітілген қызметтік міндетін мүлтіксіз орындауы, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың негізі болады және сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністерге қарсы тұрғанда ғана жеңе аламыз.



Арунов Ғазиз Ғанибекұлы

Жалағаш аудандық қазынашылық

басқармасының бас маман-бас қазынашысы


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ


Кіру