Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес

Жастар саясаты

Жастар саясаты

(2018 жыл І-тоқсан)

 

Қазіргі таңда аудан халқының   24,6 пайызы, яғни 8865 жастар. (Олардың  4331-іәйелдер,  4534-і ерлер). 

Аудан жастарының қоғамдық-саяси өмірге қатысуымен оларға патриотизммен парасаттылық нормалары негізінде тәрбие беру, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында «Жас Отан» жастар қанаты, «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігі сонымен бірге аудандық мәслихат депутатынан сайланған 1 жас депутат ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасап келеді.

Жастармен жұмысты үйлестіру үшін жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен жастармен жұмыс жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды. Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығында» 1 директор, 1 бөлім басшысы, 1 аға кеңесші, 4 кеңесші, ауылдық округтерде 14, Жалағаш кентінде 1 маман жастар ісімен айналысады.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайтылып келеді. 2016 жылға 2290,0 мың теңге, 2017 жылға 11518,0 мың теңге қаралған. Оның 2290,0 мың теңгесі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға.  2018 жылға  жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 14077,0 мың теңге бөлінген, оның 4580,0 мың теңгесі 4 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға. 2 жобаның «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпазы атанды.

 


22.09.2018

«Zhas project» жобасы өз жұмысын бастады


Бүгін Қаракеткен ауылында өнер үйірмесінің ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Бақбергенұлы, еңбек ардагері Қ.Ақмырзаев, №114 орта мектеп директоры М.Жүсіпова құттықтау сөз сөйлеп, жобаны жүзеге асырушыларға сәттілік тіледі. Жастар корпусын дамыту жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан ауыл тұрғындары жоба жетекшісі Ф.Әшірәлиева, мүшелері Н.Дүйсенбай, З.Бекжанова болып табылады. Ұсынған әлеуметтік жоба жеңімпаз атанып, грант иеленген болатын. Үйірменің басты мақсаты жас таланттардың өнерін шыңдау, шығармашыл жастарға қолдау, ауыл тұрғындарына концерттік бағдарламалар ұсыну болып табылады.







27.08.2018

КОНСТИТУЦИЯ - ЕГЕМЕНДІК ЕРТЕҢІ!


Бүгін «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнерді дамыту орталығының мәжіліс залында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция-егемендік ертеңі» тақырыбында аудан жастармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Қ.Ахетов, «Жас Отан» жастар қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Н.Серәлі және «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А.Қожамұратов қатысып, жастарға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік берді. Кездесуге қатысушылар Конституцияның мәртебесін көтерудегі жастардың рөлі туралы пікірлерін айтып, ақпарат алмасты.






26.07.2018


АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ


«Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалымен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында кент орталығындағы жалғызбасты тыл ардагерінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Акция аясында И.Ерімбетов атамыздың отбасына барған «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінің міндетін атқарушы А.Кенжебаев, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының мақсаты ардагерлерді құрметтеу, жастарды еңбек етуге, үлкенге құрмет көрсетуге баулу екенің айтып, ардагерлерге деген қамқорлық үнемі партияның бақылауында екенің айтты.

Қарт атамыз игі іске бастама болған «Нұр Отан» партиясына және Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы мен белсенді жастарға алғысын білдіріп, жұмыстарына құт-береке тілеп, ақ батасын берді.







30.06.2018


Жұмыссыз жастар арасында аудандық шағын футболдан сайыс өткізілді!


Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектебінің спорт алаңында Облыстық «жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен кент және ауылдық округтердегі жұмыссыз жастар арасында аудандық шағын футболдан сайыс өткізілді. Сайысқа ауданнан 12 команда қатысып, А және Б тобында өзара бақ сынасты.

Аудандық шағын футболдың қорытындысы:

1 орын: Жалағаш кентінің құрамасы

2 орын: Ақсу ауылының құрамасы

3 орын: Қаракеткен ауылының құрамасы иеленді, және де жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.






05.12.2017

«ЖАЛАҒАШ АРУЫ-2017» БАЙҚАУЫ


Жалағаш ауданында биыл алғашқы рет аудан әкімдігінің, «Қолөнер» ұлттық нақыштағы орталығының, «Аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығының, мәдениет және өнерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жалағаш аруы-2017» байқауы болып өтті. Байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізіліп отыр. 
Байқауға Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы, облыс əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Үмбетова Бибігүл Ахмедуллақызы, Облыстық ішкі саясат басқармасының "Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы" мемлекеттік қазыналық кəсіпорынның директоры, облыстық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Мұсаева Нұрсəуле Дүйсембайқызы қатысты. 


Байқау басында аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов сөз сөйлеп, өткізіліп отырған байқаудың мақсаты мен ерекшелігіне тоқталып, қатысушы ару қыздарға сәттілік тіледі. 
Байқауға арнайы кастингтен өткен 10 ару қыз қатысып, 7 кезең бойынша бақ сынасты. 
Байқау қорытындысы бойынша: 
Бас жүлде: Жаналиева Бибінұр Ұлықбекқызы – Аққыр ауылдық округі. 
1 орын: Жұмабай Мөлдір Ақылқызы – Таң ауылдық округі. 
2 орын: Хакімжанқызы Аружан – Бұқарбай батыр ауылдық округі. 
3 орын: Жаңабай Зылиха – Еңбек ауылдық округі. 


Сонымен қатар, Нұр Отан партиясының Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаеваның арнайы дайындаған сый-сияпатымен және алғыс хатымен Ақбергенова Алтынай Райысбекқызы (Есет батыр ауылы), ал аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ақын-жазушы Роза Ерәлінің арнаулы сыйлығымен Қартабай Айгерім (Далдабай ауылы) марапатталды. 


«Жалағаш аруы-2017» байқауының жеңімпазы «Қолөнер» ұлттық нақыштағы орталығының арнайы дайындаған тәжімен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазына берілген тәж ауыспалы болып табылады және тәжді 2017 жылдың аруы өзінде 1 жыл сақтап, келесі 2018 жылдың аруына табыстайтын болады. 







26.04.2017

«Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарымен кездесу өткізілді.




«Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Чернобыль апатының орын алғанына 31 жыл толуына орай, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Чернобыльдік ардагерлер С.Ибраев пен Д.Шпантаев өздерінің бастарынан өткен оқиғалары туралы айтып, студент жастардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жастар ресурстық орталығының директоры Е.Бақбергенұлы аудан жастары атынан алғыс айтып, Чернобыльдік ардагерлерге алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.





24.04.2017


Ақтобе облысында болған су тасқынына байланысты ауданда «Қайрымдылық керуен» атты акция өткізілді.






Ақтобе облысында 20-24-сәуір аралығында болған су тасқынына байланысты ауданда «Қайрымдылық керуен» атты акция өткізілді. Акция барысында кент және ауылдық округтердегі тұрғындардан:

1-Ұн 2500кг

2-Шемішкі май 500литр

3-Қант 500кг

4-Макорон 1500кг

5-Күріш 3000кг- т.б. күнделікті қолданысқа қажетті заттар жиналды.




21.04.2017


Махаббат - мәңгі көктем

 

Бүгін "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Махаббат - мәңгі көктем" атты жұптар сайысы болып өтті. Жұптар сайысына аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы А.Қожамұратов, "Темірқазық" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Пірназаров, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінің қызметкері Г.Құрманбаевалар қазылық етіп, жұптардың өнерлеріне өз бағаларын берді. Сайыс нәтижесінде 1 орынды №201 мектеп-лицейден Бағдатұлы Рамазан мен Берік Айкерім, 2 орынды №31 мектеп-гимназиядан Нұрмұрат Еркін мен Нұрланқызы Ақерке 3 орынды №202 орта мектептен Тоқмырза Әлия мен Жүнісов Нұрсұлтан иеленіп, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.




19.04.2017


Жалағаш ауданының кент және ауылдық округтердегі мектеп бітіруші түлектер мен NEET санатындағы жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу болып өтті.


Жалағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Темірқазық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жалағаш ауданының кент және ауылдық округтердегі мектеп бітіруші түлектер мен NEET санатындағы жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу болып өтті. Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар берілді. Жастар ресурстық орталығы КММ-нің бөлім басшысы А.Қожамұратов мектеп бітіруші түлектерге және жиынға қатысқан ата-аналарға мамандық таңдауда қажеттілікке мән беру керектігі туралы айтып өтті. Кездесуге аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Е.Қалданов, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалының менеджері А.Молыбаев қатысты.







07.04.2017


Жалағаш аудандық Жайдарман ойындарының 1/4 финалы болып өтті.

 

Жалағаш аудандық Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығы, "Темірқазық" жастар қоғамдық бірлестігі мен Қызылорда КВН филиалының ұйымдастыруымен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Жалағаш аудандық Жайдарман ойындарының 1/4 финалы болып өтті.








31.03.2017


2017 жылдың наурыз айының 29-31 күндері аралығында облыс көлемінде «Каникул» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуіне байланысты Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметкерлері және Жалағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бірлесіп, сағат 22:00-00:00 аралығында аудандағы ойын-сауық орындарында, кафе-ресторандарда, дүкендерде қоғамдық рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд жұмыстарын жүргізуге Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметкерлері ЖПҚ ЮПТ-ның аға учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Жүргенбаев Ерлан, полиция майоры Ахметова Ұлбосын және Жалағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Ерхан Бақбергенұлы, Айдос Қожамұратов, Байтанас Төлегенов, Абай Тұрмағанбет қатысты.







01.03.2017


                   1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен акция болып өтті. Акция барысында кент орталығындағы түрлі сала өкілдеріне алғыс айту күнінің маңызы және арнайы лебіз жазылған парақшалар таратылды.







10.02.2017


Мемлекеттік жастар саясаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1-ші жартысындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 8 мың 865 адам немесе тұрғындардың жалпы санының 24,7%-ын құрайды.



Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жалағаш ауданының кент және ауылдық окруктерде тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын, сонымен қатар, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындар арасында кеңінен насихаттау. Кездесуге аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Жәнібекова Гүлсара Серікқызы, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы Жалағаш аудандық филиалының менеджері Молыбаев Арыстан Бақытұлы және Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Айдос Қожамұратов қатысып, аталған мәселелер бойынша тұрғындарға тұщымды ақпарат берді. Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және кеңес беру жұмыстары жүргізілді.


Кіру