Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Денсаулық сақтау Санитария және эпидемиология

Санитария және эпидемиология

Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары

Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым – қатынас дау – дамайға толы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сауда және қызмет көрсету саласында «Клиенттікі әрдайым дұрыс» қағидасы үнемі үстемдік етпейді. Сатып алушылар мен сатушылар арасында әлі күнге дейін тауарды қайтару мен айырбастау мәселесі өзекті болып отыр. Тұтынушының құқығын түрлі жағдайда жан – жақты қорғауға бағыттылған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әрекет еткенімен, сатушылар түрлі сылтауларды алға тартып, сатылған тауарды айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға асықпайды. Шындығында сатып алушының қандай құқытары бар? Осы мән-жайға қысқаша тоқталып өтсек.

Тауардың дүкенде немесе базарда сатып алынғандығына қарамастан тұтынушылар «Тұтынушылыардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен берік қорғалғандығын естен шығармауы керек. Осы Заңның негізінде сатушы сапалы немесе сапасыз тауарды айырбастауға болмаса ақшасын қайтаруға міндетті (Заңның 24 бабы, 5 тармақшысы).

 Тиісті сападағы, яғни қалыпты, бірақ сізге осы немесе басқа себептер бойынша, мысалы, өлшемі, түсі, фасоны бойынша  ұнамай қалған тауарды қайтару үшін сіз сатушыға 14 күн ішінде жүгінуіңіз қажет. Егер сіз сәйкессіздікті 15 күнде анықтаған болсаңыз, сізге оны ауыстыру мүмкін болмайтындығымен  келісуге тура келеді. Сатушы сізді кері қайтарады және ол дұрыс жасайды. Ал егер де сатушы 14 күнге дейінгі мерзімде оны айырбастаудан бас тартатын болса, шындық сіздің жағыңызда болады. Бұл орын алған жағдайларды құқықтық реттеу Занның 14, 30 бабтарында атап өтілген.

Заңнама бойынша айырбастауға жатпайтын тауарлар:

1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;

2) іш киімді;

3) шұлық-ұйық бұйымдары;

4) жануарлар мен өсімдіктер;

5) метрлеп сатылатын тауарлар (талшықты маталардың барлық түрі, трикотажды және және перделік мата, жасанды тері, кілем бұйымдары, тоқыма емес маталар, ленталар, шілтерлер, кестелер, сымдар, баулар, кәбельдер, линолеум, багет, пленка мен клеенка);

Сапасыз тауарды айырбастау әлде қайда оңай. Заңның 30 бабы 1-1 тармақшасына сәйкес, сатушы мерзімі өткен, техникалық регламентпен белгіленген, өнімнің нормативтік құжаттарының талаптарына сай емес, соның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзылып өндірілген, оның пайдаланғанына, тауарлық түрінің, қасиеттерінің, пломбасы мен заттаңбаларының сақталмағандығына қарамастан сапасыз тауар сатып алынған 30 күнтізбелік күн ішінде айырбастауға  немесе ақшасын қайтаруға міндетті. Сатып алынған сапасыз тауар қолданыста болмаған сондай тауарға айырбасталуы немесе тұтынушыға тауарға жұмсалған ақшалық сомма қайтарылуы тиіс. Тауарды қайтару кезінде сатушы тауардың жартылай немесе толықтай пайдаланылғандығы, тауарлық түрінің сақталмағандығы немесе өзге де себептермен оның соммасынан ақша ұстап қалуға хақысыз.

Заңның 30-бабы, 2-тармақшасына сәйкес, тұтынушы тауардың кемшіліктерін анықтап сатушыға оның айырбастау жөнінде талап қойған жағдайда сатушы (өндіруші) оны дереу айырбастауға міндетті. Тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама) қажет болған жағдайда сатушы (өндіруші) айырбасты талап қойылған мерзімінен 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Тауар сапасын қосымша тексеруді (сараптама) сатушы төлейді. Егер сараптама барысында тауардың сапасыздығы анықталмаса немесе тұтынушыға сатылғаннан кейін оның пайдалану және сақтау ережелерін бұзу, үшінші тұлғалардың пайдалануы салдарынан орын алса тұтынушы сатушыға (өндірушіге) тексеруге және оны ұйымдастыруға кеткен транспорттық шығындарды өтеуге міндетті. Тұтынушы тауардың сапасын тексеру сараптамасына өзі немесе сенімді тұлғасы арқылы қатысуға, сондай-ақ оны өз қаражатына өткізуге құқылы.

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Тел: 8(7242)262261. Туындаған сауалдар бойынша біздің департаментке келіп жолығуға болады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі №5 ғимарат.




                        2018 жылдың 3  айында Жалағаш ауданында аса қауіпті, жұқпалы және паразитарлық аурулар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал



             2018 жылдың І тоқсанында Жалағаш ауданында жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда. 

Аудан тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі,  сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит А,В,С,Д,Е, малярия, лептоспироз,  листериоз,  вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек,  қүл,  құтыру, қызылша, гименолепидоз, трихинеллез, эпидемиялық паротит, сальмонеллез, аурулары тіркелмеген.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аудан көлемінде  жұқпалы аурулар бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі  орын алды. Нақты атап кетсе энтеробиоз  3, дерматомикоз 10, лямблиоз 1 жағдайға  азайған. 

Сонымен қатар,  2017 жылдың осы уақытымен салыстырғанда аудан тұрғындары арасында нақтыланған басқа да бактериялық ішек жұқпалары 2, тұмау 7, жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасы  95, созылмалы вирусты гепаттиттер, алғаш анықталғандардын -1аскаридоз 1,эхинококкоз 2 жағдайға өскен.

Үстіміздегі жылдың 3 айында 5 адам кене шағу жағдайларымен медициналық көмекке жүгінген.

Табиғи ошақты зерттеу мақсатында есепті мерзімде зертханалық тексеруге 1300 дана кене жиналып, вирус тасымалдаушылыққа зерттелді, оның ішінде «оң» нәтижелі болғаны жоқ. Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан басқа да құзыретті ведомствалармен бірлесіп, КҚГҚ-нан қолайсыз елді мекендерде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуда іс-шаралардың толық  кешені атқарылуда. 2

2018 жылдың  3 айында ерекше тәртіппен тексеру кестесіне енгізілген 64 нысанның 12 тексерумен қамтылып, санитарлық норма мен ережелерді бұзған үшін аудан бойынша жеке, лауазымды, занды тұлғаларға барлығы 6, соммасы 144300 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, 19 нысан жоспардан тыс тексеріліп, 5 тұлғаға сомасы 84175 теңге айыппұл салынды. Есепті мерзімде, тоқтатылған нысан болған жоқ, тергеу органдарына  материал жолданып, оның  шешім қабылданған. Жұмыстан шеттетілген адам саны – 14, қаралған өзекті сұрақтар бойынша қабылданған шешім – 5.

Басқарма басшысы және оның орынбасары 4 жеке қабылдау жасады..

2018 жылдың І тоқсанында 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.



                                            Жалағаш ауданында 2017 жылдың 9 ай көлемінде қалыптасқан санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы


Аудан тұрғындары арасында Конго-Қырым геморрагиялық  қызбасы (ҚҚГК), туляремия, күйдіргі,  сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит А, В, Д, Е, малярия, лептоспироз,  листериоз,  вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек,  қүл,  құтыру, қызылша, гименолепидоз, трихинеллез, висцеральды және тері лейшманиозы, эпидемиялық паротит аурулары тіркелмеген.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аудан көлемінде  9 жұқпалы аурулар бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі  орын алды. Нақты атап кетсек,  жіті респираторлы вирустық жұқпалар – 9,54 пайызға, нақтыланбаған ішек және вирусты жұқпалар – 5, туберкулез - 4, энтеробиоз – 4, бактериальды дизентерия - 1, сальмонеллез - 1, энтеробиоз - 4, эхинококкоз - 3жағдайға, дерматомикоз – 1,8 есеге азайған.

Үстіміздегі жылдың 9 айында 193 адам кене шағу жағдайларымен медициналық көмекке жүгінген.

Табиғи ошақты зерттеу мақсатында есепті мерзімде зертханалық тексеруге 2868 дана кене жиналып, вирус тасымалдаушылыққа зерттелді, оның 72-і (2,5%) «оң» нәтижелі болды. Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан басқа да құзыретті ведомствалармен бірлесіп, КҚГҚ-нан қолайсыз елді мекендерде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуда іс-шаралардың толық  кешені атқарылуда. 28 тамыз 08 қыркүйек 2017 жыл аралығында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан қолайсыз елді мекендердің аумағында күзгі маусымдық буферлік аймақтарды, мал басы мен мал қораларды кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.  2017 жылы аудан бойынша 10 қолайсыз елді мекен есепке алынған, барлығына кенеге қарсы өңдеу жүргізілді. 2970075 ш.м.  мал қора, 24961 ш.м. суат, 137028 ш.м. шанлақ өңделді. Кенеге қарсы өңдеудің тиімділік  сапасы 100% құрайды.

Есепті кезеңде аудан көлемінде барлығы 1 іріңді септикалық ауруханаішілік инфекциялары тіркелді, тиісті эпидемияға қарсы іс-шаралар уақытылы жүргізілді

2017 жылдың  9 айында ерекше тәртіппен тексеру кестесіне енгізілген 133 нысанның 107 тексерумен қамтылып, санитарлық норма мен ережелерді бұзған үшін аудан бойынша жеке, лауазымды, занды тұлғаларға барлығы 84, соммасы 2230525 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, 46 нысан жоспардан тыс тексеріліп, 1 тұлғаға сомасы 22690 теңге айыппұл салынды. Есепті мерзімде, тоқтатылған нысан болған жоқ, тергеу органдарына  материал жолданып, оның  шешім қабылданған. Жұмыстан шеттетілген адам саны – 77, қаралған өзекті сұрақтар бойынша қабылданған шешім – 4.

Аудан бойынша 1 шағым өндірісте болды.

 



2017 жылдың 6 айында Жалағаш ауданында аса қауіпті, жұқпалы және паразитарлық аурулар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал


2017 жылы 1 жартыжылдығында Жалағаш ауданында жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда. 

Аудан тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі,  сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит А,В,С,Д,Е, малярия, лептоспироз,  листериоз,  вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек,  қүл,  құтыру, қызылша, гименолепидоз, трихинеллез, ВЛ, ЗКЛ, эпидемиялық паротит, сальмонеллез, аурулары тіркелмеген.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аудан көлемінде  жұқпалы аурулар бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі  орын алды. Нақты атап кетсе бактериалдық дизентерия – 1, нақтыланған басқа да бактериалдық ішек аурулары -4, нақтыланбаған бактериалдық ішек аурулары- 5.эхинококкоз-2, энтеробиоз- 4 жағдайға, жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасы - 9,1есеге, туберкулез-1жағдайға, дерматомикоз-2,4 есеге азайған. 

Сонымен қатар,  2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда аудан тұрғындары арасында сарып - 2, созылмалы вирусты гепатиттер -1, риккетсиоздар - 2,лямблиоз- 5, тұмау-1 жағдайға, мерез-2,83 есеге, педикулез-3 жағдайға өскен.



«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қызылорда облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жалағаш аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесi туралы ереже


ЕРЕЖЕ .zip 26,1 Кб





Кіру