Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Экономика Мемлекеттік сатып алулар

Мемлекеттік сатып алулар


Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы


“2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №34-1 шешіміне сәйкес  аудандық  бюджеттік бағдарлама әкімшілері тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітіп, мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде веб-порталда орналастырды.

2019 жылғы 8-9 ақпан аралығында Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры С.М.Ахметовтің қатысуымен өткізілген семинар-кеңеске Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің 3 қызметкері, кент әкімі аппаратының 2 қызметкері қатысты.

Аудан әкімінің төрағалығымен өткізілген 2019 жылғы 31 қаңтардағы аппарат мәжілісінде берілген тапсырмасына сәйкес жоғарыда аталған семинар кеңеске қатысқан Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері 2019 жылғы 14 ақпанда  аудандағы мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандардың заңдылық сауаттылығын жетілдіру мақсатында семинар кеңес өткізді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бөлім қызметкерлерінің кент, ауылдық округтерге және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті тәжірибелік көмек көрсету мақсатында кураторлық кестесі бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген.

Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.

Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 818,4 млн. теңгеге 26 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды, оның ішінде 1-еуі сатып алудан бас тартылды (4 658 708,0 теңге), 10- ы аяқталды (104 788 929,71 теңге), 13-і болдырылмады (699 314 130,00 теңге), 2-еуі жарияланып, өтінімдер қабылдануда (9 672 321,33 теңге), аяқталғанынан үнемделген қаржы 12 378 379,65 теңге



Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің 2019 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі


 

Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 25327716,71 теңгеге 4 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды, оның ішінде 1-еуі сатып алудан бас тартылды (4 658 708,0 теңге), 2-еуі аяқталды (10 714 285,71 теңге).

Аудан бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен 71 770 225,21 теңгеге 12 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды, оның ішінде 6 конкурс аяқталып (17 349 429, 93 теңге), 5-еуі өткізілмеді деп танылған (34835083,28 теңге), 1-еуі болдырылмаған (4021428,00 теңге), аяқталғанынан үнемделген қаржы 4 353 950,13 теңге.

Бөлім қызметкерлерінің Жалағаш кенті, ауылдық округтер әкімдіктеріне және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті тәжірибелік көмек көрсету мақсатында кураторлық кестесі бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген.

Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.

2019 жылғы 8-9 ақпан аралығында Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры С.М.Ахметовтің қатысуымен өткізілген семинар-кеңеске Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің 3 қызметкері, кент әкімі аппаратының 2 қызметкері қатысты.

Жалағаш ауданы әкімінің төрағалығымен өткізілген 2019 жылғы 31 қаңтардағы аппарат мәжілісінде берілген тапсырмаға сәйкес жоғарыда аталған семинар кеңеске қатысқан Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері 2019 жылғы 14 ақпанда  аудандағы мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандардың заңдылық сауаттылығын жетілдіру мақсатында семинар кеңес өткізді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы тоқсан сайын мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.




2018 жылы мемлекеттік сатып алу саласында атқарылған жұмыстар туралы


 

“2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы №18 қаулысымен аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалып, бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бекітілген.

2018 жылы Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 58 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды 1 389 547 698,2 теңге.

Оның ішінде бірыңғай ұйымдастырушы ретінде 4 мемлекеттік сатып алу конкурсы 1 003 861 911,0 теңге өткізілді.

Аудан бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен 50 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды 210 490 812,7 теңге.

2018 жылдың сәуір айында «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңына, Мемлекеттік сатып алуды жүргізу Қағидаларына түсіндірме беру мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің басшысы С.М. Ахметовтың семинарына 4 қызметкер қатысты.     

Бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, тәртіп бұзушылыққа төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары тақырыбында құқықтық оқулар жүйелі түрде өткізіліп отыр.





Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің  2018 жылғы 9 айда атқарған жұмыстары туралы мәлімет


Бөлім қызметкерлерінің кент, ауылдық округтерге және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті тәжірибелік көмек көрсету мақсатында кураторлық кестесі бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген.

Бөлім тарапынан ағымдағы жылдың 11 шілде күні ауылдық клуб есепшілеріне, 12 қыркүйекте аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы есепшілерге мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

“2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы №18 қаулысымен аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалып, бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бекітілген.

Ағымдағы жылы Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 66 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып (1 403 987 680,7 теңге), оның ішінде 57-сі аяқталып (1 385 083 412,5 теңге), 1-еуі қаралуда (4 464 285,7 теңге), 8-і болдырылмаған (отменен) (14 439 982,5 теңге), үнемделген қаржы 24 971 321,2 теңге.

Оның ішінде бөліммен бірыңғай ұйымдастырушы ретінде 4 мемлекеттік сатып алу конкурсы (1 003 861 911,0) өткізілді.

Кураторлық сатып алулар аясында аудан бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен 51 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып (210 673 792,7 теңге), оның ішінде 47-сі аяқталып (184 588 205,7 теңге), 3-еуі қаралуда (25 902 607 теңге), 1-еуі болдырылмаған (отменен) (182 980 теңге), үнемделген қаржы 15 552 144,5 теңге.  

Сонымен қатар бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жариялаған 3 мемлекеттік сатып алуы болдырылмаған (отменен).

Конкурсқа қатысқан және жеңімпаз әлеуетті өнім берушілердің 1% ақшалай жарнасының уақытылы қайтарылуына, жеңімпаз мекемелердің 3% шартты уақытылы енгізуіне тұрақты бақылау орнатылды.

Аудан бойынша 7 мемлекеттік сатып алу демпинг есебінсіз жарияланып кеткен.

Оның ішінде:

- 4 конкурстардың қорытынды хаттамаларында демпингтік сома автоматты түрде есептелінбегендіктен, демпингтік сома қолмен есептеліп, жеңімпаз өнім берушілер қажетті соманы тапсырыс берушінің шотына аударды;

- 3 конкурс демпинг есебінсіз жарияланғанымен, әлеуетті өнім берушілер демпингтік бағадан төмен түскен жоқ.

Төмендетілген демпингтік баға ұсынған 23 әлеуетті өнім берушілердің енгізетін кепілдігіне (банктік кепілдік, қаржыны шотқа аудару) тұрақты бақылау орнатылды.

Сотқа жүгіну, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылу, мердігер мекемелердің сотты болуына қатысты және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдары тарапынан жүргізілген ықпал ету шаралары орын алған жоқ.


Кіру