Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Экономика Бюджетті орындау

Бюджетті орындау


2019 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің атқарылуы туралы

 

Кірістер бойынша:

2019 жылдың 1 қаңтарына аудан  бюджетінің жалпы түсімдер жоспары 8 447 853,0 мың теңге, орындалуы 8 481 559,9 мың теңге немесе 100,4 %:

Жергілікті кірістердің сыныптамасы бойынша 35 153,9 мың теңге артығымен   орындалып, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық -12 816,7 мың теңгеге орындалмаған.  

 

Шығындар бойынша:

2019 жылдың 1 қаңтарына Шығыстар жоспары бойынша 8 491 139,4  мың теңге, атқарылуы  8 460 373,8 мың  теңгеге немесе 99,6%-ға орындалып 30 765,6 мың теңге игерілмеген.

Жалпы игерілмеген 30 765,6 мың теңгенің 23 640,5 мың теңгесі объективті себептерге байланысты, 7 125,1 мың теңгесі субъективті себептерге байланысты атқарылмаған.

 

Жыл қорытындысымен 64 472,5 мың теңге аудан бюджетінің бос қалдығы қалыптасты, оның ішінде 35 153,9 мың теңге жергілікті кірістерден артық түсім, 30 765,6 мың теңге бағдарлама әкімшілерінен атқарылмаған шығындар.

 

Республикалық бюджеттен игерілмегені 794,7 мың теңге немесе 99,9%, оның ішінде:

- аудандық білім  бөлімінен 261,0 мың теңге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру бағдарламасынан үнемделген;

- аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 533,7 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша еңбекақыны ішінара субсидиялаудан 395,0 мың теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруден 29,4 мың теңге және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуі бағдарламасынан 106,0 мың теңге үнемделген.

 

Облыстық бюджеттен игерілмегені 5 676,9 мың теңге немесе 99,2%, оның ішінде:                                                                                                                                                                   

- аудандық  білім бөлімінен 3 433,0 мың теңге ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары бағдарламасынан жиынтық компьютерлердің әлеуетті өнім беруші тарапынан жеткізілмеуінен;

- аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 1 219,2 мың теңге, оның ішінде  жастар практикасынан 961,7 мың теңге, жұмысшы кадрларды қысқа мерзімде кәсіби оқыту бағдарламасынан 193,4 мың теңге үнемделген;

-дене шынықтыру және спорт бөлімінен 886,4 мың теңге Мәдениет елді мекеніндегі жаңадан іске қосылған спорт кешенінің ұстау шығындарынан үнемделген;

-аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен 136,4 мың теңге Мырзабай ахун, Шаменов елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта жаңғыртудан үнемделген.

 

Аудандық бюджеттен игерілмегені 24 294,0 мың теңге немесе 99,6%, талдағанда:

-аудандық білім бөлімінен 12 917,3 мың теңге, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік тапсырысынан 8 632,0 мың теңге (1411,0 мың теңге №116 мектеп жанындағы жабылған шағын орталықтан, 7221,0 мың теңге жеке балабақшалардан бала санының нақты қатысуынан) үнемделген, патронат тәрбиешілерге берілген баланы асырап бағу бағдарламасынан 1511,7 мың теңге үнемделген, мемлекеттік сатып алудан 1 915,1 мың теңге үнемделген, күрделі шығыстар бойынша 785,4 мың теңге  әлеуетті өнім берушілерден тауарлардың жеткізілмеуінен атқарылмаған;

-аудандық тұрғын үй коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен 2 162,7 мың теңге, оның ішінде 150,0 мың теңге қаражатқа сұраныстың болмауынан (қысқартуға жатпайды), 795,0 мың теңге автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасынан   мердігер жұмысты атқармауынан, 1025,1 мың теңге аппараттың ағымдағы шығындарынан, 190,7 мың теңге техникалық қадағалаудан үнемделген;

  - аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2 165,7 мың теңге, оның ішінде аппарат шығындарынан 1 224,0 мың теңге әлеуетті өнім беруші тарапынан жұмыстардың орындалмауынан, күрделі шығыстар бойынша  480,1 мың теңге тауарлардың жеткізілмеуінен және  әлеуметтік төлемдерден 461,6 мың теңге  үнемделген;

-аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен 1 722,6 мың теңге, оның ішінде 410,1 мың теңге Шаменов е/м ауыз су желісінің жерге орналастыру құжаттары дайын болмауынан, 1304,4 мың теңге аудандық әкімшілік ғимараттың жобалау сметалық құжаттамасынан үнемделген.

- аудандық қаржы бөлімінен 4 435,0 мың теңге жергілікті атқарушы органның резервінен;

- 890,7 мың теңге басқа да бағдарлама әкімшілерінің аппарат шығындарынан үнемделген.



2019 жылдың 1 наурызына аудан бюджетінің атқарылуы  туралы:файл *.docx (21,6 Кб)


2019 жылдың 1 ақпанына аудан бюджетінің атқарылуы  туралы:файл *.docx (21,3 Кб)



2019 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің атқарылуы туралы: файл *.doc  (62,0 Кб)






2018 жылға арналған аудан бюджеті туралы


 

2018 жылғы ауданның бюджеті 7,1 млрд болып бекітілген болатын. Жыл басынан аудан бюджеті 2 мәрте нақтыланып, 4 мәрте түзету енгізілді. Осы өзгерістердің қорытындысында аудан бюджетіне 998,2 млн теңге ағымдағы нысаналы трансферт, 668,2 млн теңге көлемінде нысаналы даму трансферттері бөлінді. Бүгінгі күнге аудан бюджетінің көлемі 8 млрд 70 млн теңгеге  өсті.

3 елді мекеннің ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары (Аққыр, Жаңадария, Мақпалкөл) 298,8 млн теңгеге атқарылады.

Еңбек-Жаңадария бағытындағы 0,8 шақырым жолды орташа жөндеуге 95 млн теңге бөлінді.

Кент ішіндегі 3 көшені орташа жөндеуге 200 млн теңге бөлінді (Бұқарбай батыр, Абай, Нысанбай жырау).

Аудан бюджетінің нақтылануы негізінен әлеуметтік нысандардың жылу жүйесін жөндеу, жылу қазандықтарын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 33,3 млн теңге қаржы бөлінді.

Кенттегі аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты, Мәдениет ауылындағы спорт кешені мен ауылдық клуб, балабақша, Мырзабай Ахун елді мекенінде ауылдық округтің ғимараты ашылып, пайдалануға берілді.



2018 жылдың 1 желтоқсанына аудан бюджетінің атқарылуы туралы: файл *.docx  (18,5 Кб)



2018 жылдың 1 қарашасына аудан бюджетінің атқарылуы туралы: файл *.docx (19,2 Кб) 

2018 жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің атқарылуы туралы: *.docx файл  (18,6 Кб)
2018 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің атқарылуы туралы: файл *.docx   (25,4 Кб)


2018 жылдың 1 ақпанына аудан бюджетінің атқарылуы туралы (*.docх)  (53,5 Кб)
2017 жылдың 1 желтоқсанына аудан бюджетінің атқарылуы туралы (*.docx 24,0 Kb)
2017 жылдың 1 қарашасына аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу файл.docx 24 Kb)

2017 жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу...docx.23 Kb)


2017 жылдың 1 қыркүйегіне аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу...docx.25 Kb)

2017 жылдың 1 тамызына аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу...docx.17 Kb)


2017 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу...docx.24 Kb)

2017 жылдың 1 маусымына аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп (жүктеу...zip.104 Kb)

2017 жылдың 1 мамырына аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу...docx.23 Kb)

2017 жылдың 1 сәуіріне аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу...zip.28 Kb)

2017 жылдың 1 наурызына аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу...docx.19 Kb)

2017 жылдың 1 ақпанына аудан бюджетінің атқарылуы туралы (жүктеу...docx.25 Kb)

Жалағаш ауданы бюджетінің 2016 жылы атқарылуы туралы (жүктеу...docx.34 Kb)

Жалағаш ауданы бюджетінің 2016 жылдың 9 айында атқарылуы туралы (жүктеу...docx.17 Kb)

Жалағаш ауданы бюджетінің 2016 жылдың 1 шілдесіне атқарылуы туралы (жүктеу...docx.24 Kb)

Жалағаш ауданы бюджетінің 2016 жылдың І тоқсанына орындалуы (жүктеу...zip.24 Kb)

Жалағаш ауданы бюджетінің 2015 жылға атқарылуы туралы (жүктеу...zip.124 Kb)

Жалағаш ауданы бюджетінің 2014 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылуы туралы (жүктеу...docx.18 Kb)
Кіру