Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Бизнес Инвестиция қажет ететін жобалар

Инвестиция қажет ететін жобалар


Жалағаш ауданы бойынша инвестицияны қажет ететін жобалар




Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша жалпы құны 40 000,00 мың EUR құрайтын жоғары жеміс-жидек және көкөністерден сапалы азық-түлік өнімдері мен жартылай дайын өнімдер шығаратын зауытын "Серпін" аграрлы-индустриялық аймағында жүзеге асыру жоспарлануда.

Жобаны іске асыру үшін 1,0 гектар жер телімі бөлінді.

Осы жобаның мәні Жалағаш ауданында бақша, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің кең ассортиментін терең өңдеуге бағытталған бірегей Агроөнеркәсіптік кешен құру болып табылады.

Жобаның бірегейлігі-көп мөлшерде жартылай фабрикаттар (концентраттар, пюре, мұздатылған өнімдер) өндіру арқылы жаппай егін жинау маусымында (тамыз-қазан) ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді қайта өңдеуден тұрады. Жобаның инновациясы - бақша дақылдарын (қауын, қарбыз, асқабақ) жаппай өңдеу және олардан концентрацияланған пюре, табиғи шырындар және мұздатылған өнімдер сияқты аз таралған өнімдерді дайындау болып табылады.

Зауыт өнімі ҚР ішкі нарығында және экспорттық нарықтарда (ЕО елдері, Кеден Одағы елдері) орташа ара қатынаста 30%/70% сатылатын болады. Дамыған елдерде қайта өңделген көкөністерге, жеміс-жидектерге сұраныстың жоғары болуы, еуропалық жабдықтар мен қазіргі заманғы технологияларды пайдалану, шикізатты мұқият іріктеу, инновациялық технологияларды қолдану, жеке әзірлемелер мен өнертабыстарды өткізу кепілі болып табылады. Жобаның бастамашысы шырындар концентраттарын сыртқы нарыққа өткізу мәселесін ішінара зерттеу жұмыстары жүргзілді. Атап айтқанда Германияда әлеуетті сатып алушының хаты бар. Ресей азық-түлік нарығындағы қолайлы жағдай Азық-түлік өнімдері мен жартылай фабрикаттарды өндіру саласында жаңа серпін береді.

Жобаның бастамашысы жетекші еуропалық жабдықтар мен технологияларды жеткізушілермен жоба бойынша алдын ала маңызды жұмыстар атқарды, осылайша сатып алынатын жабдықтар, оны орналастыру, пайдаланылатын технологиялар жоспары бар зауыт жобасы дайындалды. Жобаны салу және іске асыру толықтай жүзеге асырылатын болады.

 


 

 

Кіру