Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Бизнес Бизнесті дамыту

Бизнесті дамыту


«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның ұсынып отырған несиелендіру бағдарламалары

«ЕГІНЖАЙ»
Бағдарламаның мақсаты: көктемгі егістік және күзгі жиын-терім жұмыстарына
Сомма: 6 млн теңгеге дейін
Несиелеу мерзімі:3 жылға дейін
Сыйақы үстемесі: жылдық 6%
Тиімді сыйақы үстемесі: жылдық 6,7% аспайды
Жеңілдетілген мерзім: 1 жылға дейін

«СЫБАҒА»
Бағдарламаның мақсаты: ІҚМ және ҰММ басын көбейтуді қамтамасыз ету
Сомма: : ІҚМ – 70 млн теңгеге дейін, ҰММ – 30 млн теңгеге дейін (Қордың жеке қаржысынан)
12 млн теңгеге дейін - Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы қаржысынан
Несиелеу мерзімі:15 жылға дейін
Сыйақы үстемесі: жылдық 4% (субсидиялауды есептегенде)
Тиімді сыйақы үстемесі: жылдық 4,4% аспайды (субсидиялауды есептегенде)
Жеңілдетілген мерзім: 2,5 жылдан аспайды

   «КӘСІПКЕР»
Бағдарламаның мақсаты: ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес бизнес түрлеріне
Сомма: : 6 млн теңгеге дейін - Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы қаржысынан, 8000 АЕК дейін – тартылған және Қордың жеке қаржысынан
Несиелеу мерзімі: 5 жылға дейін
Сыйақы үстемесі: жылдық 6%
Тиімді сыйақы үстемесі: жылдық 6,7% аспайды 
Жеңілдетілген мерзім: негізгі борыш бойынша 1- жылға дейін; үстеме бойынша – 6 айға дейін

«ИГІЛІК»
Бағдарламаның мақсаты: мал шаруашылығын дамыту
Сомма: : 4 млн теңгеге дейін
Несиелеу мерзімі: 6,5 жылға дейін
Сыйақы үстемесі: жылдық 6%
Тиімді сыйақы үстемесі: жылдық 6,7% аспайды 
Жеңілдетілген мерзім: негізгі борыш бойынша несиелеу мерзімінің 1/3 аспайды; 
үстеме бойынша –9 айдан аспайды

«БІРЛІК»
Бағдарламаның мақсаты: сүт қабылдау бекеттерін құру және дамыту
Сомма: : 12 млн теңгеге дейін
Несиелеу мерзімі: 6,5 жылға дейін
Сыйақы үстемесі: жылдық 6%
Тиімді сыйақы үстемесі: жылдық 6,7% аспайды 
Жеңілдетілген мерзім: негізгі борыш бойынша - 2 жылға дейін; 
үстеме бойынша –1 жылға дейін

«ЫРЫС»
Бағдарламаның мақсаты: ІҚМ 50-100 басына арналған тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту
Сомма: : 85 млн теңгеге дейін
Несиелеу мерзімі: 10 жылға дейін
Сыйақы үстемесі: жылдық 6%
Тиімді сыйақы үстемесі: жылдық 6,7% аспайды 
Жеңілдетілген мерзім: негізгі борыш бойынша - 2 жылға дейін; 
үстеме бойынша –1 жылға дейін

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
1) бюджетке мерзімі өткен берешектің болмауы;
2) банктер мен қаржы институттарға мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) несиелеуге болатын несиелік тарих;
4) қажетті инфрақұрылымның болуы;
5) бизнес орналасқан ауыл округінде оңды ветеринарлық –санитарлық жағдай;
6) мал азықпен қамтылуы;
7) оқыту сертификатының болуы;
8) кепілдің болуы(жылжымайтын мүлік)

Осыған сәйкес, толық мағлұматтар алып, кәсіпті бастау, несие құжаттарын облыстық қаржы ұйымдарына тапсыру үшін Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне (Жалағаш кенті, Т.Үркімбаев көшесі № 28, 3) немесе Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалына (Жалағаш кенті, Қазбек би көшесі 47.А.) жолығуға болатынын хабарлаймын.




Құрметті кәсіпкерлер!

 

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сіздерді  Қызылорда облысы бойынша аймақтық филалы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына» (КҚКО) «бір терезе» тәртібінде мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша бизнес-консалтинг және консалтинг бойынша толық қызметтер алуға шақырады. КҚКО-да кеңесті сіздер тегін ала аласыздар!

 

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

• «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және «Даму» Қорының өзге бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдауға ие болу үшін жеке консультация.

• Кәсіпкерлер жобаларын, қажетті құжаттар тізбесімен, қаржыландыру үдерісі бойынша қадамдық нұсқау беру.

• Субсидияға, кепілдік және гранттарға қол жеткізу үшін егжей-тегжейлі консультация және қадамдық нұсқау беру.

• КҚКО консультанттарының «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болу үдерісінде толық қатысуы.

• Банк өкілдерінен кредит ресурстарын тарту бойынша консультация алу

• өзге қаржы институттарынан мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен құралдары бойынша консультация алу.

• Құжаттар мен анықтамаларды «EGOV.KZ» порталынан ұсыну

• Микрокредиттік ұйымдардан «Жұмысбастылық -2020» бағдарламасы бойынша консультация.

• Бизнесті жүргізудегі проблемалы мәселелер бойынша консультация, рұқсат беретін құжаттамаларды рәсімдеуге көмек беру.

• Бухгалтерлік және салық есебі бойынша және статистикалық есептілік құру бойынша консультация

• Заң қызметтері мен бизнесті жүргізу мәселелері бойынша консультация;

• маркетинг және бизнес – жоспарлау саласындағы консультация;

• «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша оқыту

• «Топ – менеджментті «Назарбаев Университетінде оқыту»» және «Іскерлік байланыстар» бағдарламасына жазу.

• Семинарларда және тренингтерде профильді бағыттар бойынша оқыту.

• Дәріс алғаны туралы сертификат алу.


Кіру